Біздің тағамдарымызды ерекше ететін не
1. Жаңадан дайындалған тағам – әрдайым ең жақсы!
Біздің тағамдарымыздың таңғажайып (тіл үйіретін) дәмі оның ұсынылар сәтінен бірнеше минут бұрын ғана дайындалатынымен түсіндіріледі. Сіз тапсырыс беретін кез келген тағам – тауық еті мен бургерлерден бастап фри картобы мен салаттарға дейін – бірден дайындалады!
2. Балапандарды ұстау шарттары
Тек қана KFC-ге арналған балапандарды ұстау шарттары тәуелсіз халықаралық компаниялар тарапынан жануарлар ахуалының стандарттарына сәйкестікке мұқият және жоспардан тыс тексеріледі.
3. Шикізат
Біздің барлық жеткізушілеріміз GFSI бойынша сертификатталған және халықаралық рейтингілік агенттіктермен, сондай-ақ тәуелсіз ішкі инспекторлармен денсаулық пен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкестікке тексерілген, олар біздің пайдаланатын бүкіл шикізаттың ең жоғары стандарттарға толық сәйкес келетінін растайды.
4. Аспазшыларды сертификаттау
Әр аспазшы айына 2 рет рецепттерге қатысты білімін тексеру үшін аттестаттаудан өтеді! Тек осылай ғана полковник Сандерс өз жұмысының нәтижесімен мақтана алады!
5. Майды тексеру
Біздің фритюрлардағы майдың қышқылдығы күніне екі рет тексеріледі. Рұқсат етілген мәннен асқан жағдайда, май дереу ауыстырылады!
6. Дайындау технологиялары
Ұнға әр аунату алдында ұнды елеу. Әр мейрамханадағы ұн күніне 100 реттей елегіштен өткізілуі мүмкін.
7. Сапаны бақылау
Қонақтарға тауық етін ұсынбас бұрын біз әр бөлігін тексереміз.
Егер ол мінсіз болмаса, онда сіз оны көрмейсіз!
8. Дайындау ұзақтығы
Температуралық өңдеу уақыты тауық етінің әр бөлігі үшін бөлек болады. Қажетті уақытқа жеткенде пісіру тоқтатылады.
Мысалы, тауықтың бүтін бөліктері 90 минут, ал қытырлақ стрипстер – 45 минут пісіріледі. Бір минут та артық емес!
9. Тауық етінің температурасы
Ұсынғаннан кейін тауық етінің температурасы ешқашан 40 градустан аспайды, ал фритюрдан шыққанда кемінде 82 градус болады!
10. Көкөністердің температурасы
Көкөністердің температурасы оларды дайындаған кезде әрдайым +5 градустан төмен болады. Бұған мұқият қараймыз! Біз көкөністерді ISO 22000 (HACCP) стандартына негізделген процедураларға сәйкес жуамыз.
11. Ингредиенттердің жарамдылық мерзімі
Ингредиенттеріміздің (мысалы, көкөністер, ірімшік және т. б.) тағам дайындалатын жерде болу уақыты максимум 3 сағатты құрайды. Бір минут та артық емес!