
Құрметті KFC мейрамханаларының қонақтары, KFC өнімдері Халал халықаралық сертификаттарына сәйкес келетінін ескеріңіз.
The Caspian International Restaurants Company (Каспиан Интернэшнл Рестронгз Компани) - Қазақстандағы KFC франчайзингтік серіктесі бар жауапкершілікпен Қазақстандағы KFC мейрамханалары тек қана халал өнімдермен жұмыс істейтіндігін мәлімдейді. Бұны растау үшін KFC Қазақстан командасы 2018 жылдың 11 желтоқсанынан бастап "Қазақстанның Халал Индустриясы Қауымдастығы" ЗТБ Халал сертификаттау жөніндегі Халықаралық органымен ынтымақтастықтың басталуы туралы жариялады.
Қауымдастық туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша көре аласыз http://halal-kz.kz/
“Біз өнімдеріміздің сапасының қамын ойлаймыз. Қыруар халықаралық сапа стандарттарын сақтаумен қатар, Халал стандартына сәйкес келу Қазақстандағы KFC басымдығы болып табылған және болып табылады”
KFC Қазақстан «Белая птица» (Ресей), «Смолевич бройлер» (Беларусь) құс фабрикаларының, сондай-ақ ірі отандық тауық өнімдерін өндірушілердің — УКПФ және «Курочка Ряба» (Қазақстан) өнімдерін сатып алады